Авторские архивы: admin

Шымкентте 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалды

 Бүгін №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.   Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және ...

Читать далее »

АЛМАТЫДА БІРІНШІ НЕОНАТАЛЬДЫ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Алматы қаласында Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханалардажұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды. Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқындытерапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде ортамедицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді. Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер–гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы ортамедициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс–шара. «Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова. Екі күн бойы бірінші Неонаталдық медбикелердіңхалықаралық форумының спикерлері медициналық күтімге байланысты жаңа туған нәрестелерде инфекциялардың алдын алу, неонаталдық бөлімшелерде күтім сапасын жақсарту, жаңатуған нәрестені аспаптық зерттеулерге дайындау, жаңа туған нәрестелердің витальдық функцияларының жай–күйіне мониторинг жүргізу, неонатология бөлімшелерінде ортамедицина персоналының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісетін болады.  Конференцияның шетелдік қонақтары нәрестелер өлімі мен мүгедектік деңгейінің төмендеуіне байланысты өз елдерініңнеонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып береді. «Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен перзентханаларындағы орта медицина персоналына түсетін жүктемеге өте үлкен. Қазіргі уақытта реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіндегі бір неонаталды медбикеге 6 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір медбикеге бір жаңа туған нәрестеге тең. Бұл үлкен физикалық және эмоциялық күштену ел үшін маңызды сәбилер өлімі мен мүгедектігі деңгейіне тікелей әсер етеді. Нәресте өлімінің деңгейімен елімізде барлығы салыстырмалы түрде – көрсеткіштер ДДҰ белгілеген нормалар шегінде. Ал балалардың мүгедектік көрсеткіштері артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектікке шалдыққан балалардың саны 100 000-нан асты, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Біз балалар мүгедектігінің өсуін, оның ішінде неонаталдық қызметтегі орта медицина персоналына жүктелген ...

Читать далее »

Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтуде. Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі – Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп кележатқанын айтады. Селжүк Байрактар, ...

Читать далее »

«Стамбұлдың ең үлкен кітапханасы» шақырады

Ыстамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами әскери казармасының ғимаратында орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін есігі ашылған кітапхана бес мыңға жуық оқырман қабылдай алады. Бір қызығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Сонысымен туристерге өте қолайлы. Жалпы отыз алты мың шаршы метр болатын кітапханаға  2,5 миллион кітап сыяды. Рами кітапханасында жасыл желекпен қоршалған мың шаршы метрлік жасанды су тоған бар. Мұнда ...

Читать далее »

«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті. Байқау барысында тұлғалардың ғұмыры мен еңбектерін насихаттаудағы мәліметтер талданып, шығармашылық тұлғасы жан-жақты ашылып, көздеген мақсатымыз орындалды. Алматы қаласындағы 30 мектептің ішінен, ең үздік 5 мектеп танылып, бақ сынасты. 7-8 сынып оқушылары жақсы дайындықпен келіп, ақшалай жүлдемен марапатталды. Шара соңында әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың ...

Читать далее »

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН АСПАЗДЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ. БҰЛ АСХАНАНЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАРЫ ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰНАРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН ШӨПТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЕРЕКШЕ РЕЦЕПТ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ КЕРЕМЕТ ӨСІМДІКТЕР ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ НАЗАР АУДАРАДЫ. ОСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ӨСІМДІК ...

Читать далее »

Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. “Технофесттің” негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі ...

Читать далее »

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады. Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру ...

Читать далее »

Стамбұлдың сән-салтанатын сезінгісі келетіндер үшін таптырмас мекен

Стамбұлдың оңтүстігінде, Мәрмәр теңізіндегі Ханзада аралдары (Принцевы острава) гүл хош иістерімен безендірілген керемет пейзаждар мен жанға жағымды самалымен тартымды. Аралдар таңғажайып жағажайларымен, өзіне тән көшелерімен, жергілікті менталитетке сәйкес келетін үйлесімді түстерімен және сәулетімен ерекше сұлулыққа ие. Стамбұлға жақын орналасқан Ханзада аралдары арал өмірінің тыныштығы мен Стамбұлдың сән-салтанатын сезінгісі келетіндер үшін таптырмас мекен. Кейде табиғат аясында және оның зәулім сарайларының көлеңкесінде, ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан төрінде облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылған болатын. Фестиваль аясында үш күн бойы Төлеби ауданының мәдениет күндері өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін паш етті.   Алғашқы күні Этноауылда «Ұлт қазынасы» атауымен асық ату, ләңгі ойнау, арқан тарту, кір тасын көтеру, т.б. ұлттық, спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылған болатын. Содан соң ақындар айтысы, ...

Читать далее »