Авторские архивы: admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. «Экономикалық әлеуеттің жүзеге асырылуы көбінесе көлік-транзит саласына байланысты. Бұл жерде Сіздің ауқымы жағынан бірегей «Бір белдеу – бір жол» бастамаңыздың аясындағы табысты ынтымақтастығымызды ерекше атап өткім келеді. Осы жылдар аралығында «Бір белдеу – бір жол» жобасын ...

Читать далее »

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық ілтипат білдіріп, 70 жас мерейтойымен құттықтады

«Осындай айтулы күні Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Бұл біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді және Қытаймен тығыз байланыстарыңызды тағы да растайды. Қытай мен Қазақстан қытай-қазақ қатынастарының жаңа «алтын 30 жылдығына» қадам басты. Біздің елдеріміз достық, өзара қолдау дәстүрін дамытып, тиімді ынтымақтастықты тереңдетуі қажет», – деді ҚХР Төрағасы. Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны – ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз – ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады. Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау ...

Читать далее »

Қазақстан-Германия техникалық және дуалды білім беру саласындағы кооперациясын дамыту болашағы БЕК отырысында талқыланды

Бүгін Берлин Еуразиялық клубының 37-ші отырысына қатысушылар Қазақстан мен Германия арасындағы техникалық жоғары және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі елден мемлекеттік органдардың, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының, бизнес-қауымдастықтардың, сарапшылық қауымдастық және неміс компанияларының, cолардың ішінде «Deutsche Bank», «Siemens Energy», «Knauf», «MAN» және «Rhenus» компаниялардың 100-ге жуық өкілдері қатысты. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ...

Читать далее »

БҰҰ Бас хатшысы орынбасары Ларби ДЖАКТА Қазақстанда конференция өткізеді

       ПРЕСС-АНОНС Құрметті әріптестер, 17-19 мамырда Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясы өтеді. Іс-шараға Америка, Еуропа, Африка, Орталық Азия, Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Азияның 30 елінің өкілдері қатысады. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫНДА, 17 МАМЫРДА, СӘРСЕНБІДЕ, СӨЗ СӨЙЛЕЙТІНДЕР: Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан БАЙМЕНОВ БҰҰ Бас хатшысы орынбасары, Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссия төрағасы Ларби ДЖАКТА ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесу өтті

16-18 мамырда Алматы қаласында өтетін БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Жаһандық көшбасшылық кездесуінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА Атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесу өткізді. Атқарушы директор ҚР Үкіметі мен БҰҰ Қорының әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, ана өлімінің көрсеткіштерін төмендету, перинаталдық паллиативтік көмек көрсету бойынша озық тәжірибелерді, белсенді ұзақ ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Түркиядағы президент сайлауында дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысы бойынша ...

Читать далее »

Қазақстан мен Еуроодақ ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастайды

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. М.Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап ...

Читать далее »

Стамбұлдағы Қыз мұнарасы қайта ашылды

Стамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз мұнарасы күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Стамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде ...

Читать далее »