Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барды. Мұнда ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Түркі Мемлекеттерінің ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының, Халықаралық Түркі академиясының, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілдері қатысатын басқа да іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Қожа Ахмет Ясауи Университеті Сабахаттин Заим университетімен меморандумға қол қойылды
Оқу орнымызға Ыстанбұл Сабахаттин Заим университетінің ректоры док., проф. Ахмет Джеват Ажар арнайы ат басын бұрды. Бұл сапардың басты мақсаты – оқу орнымыз бен Сабахаттин Заим университетінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Құрметті қонақты оқу орнымыздың басшылығы күтіп алып, университетіміздің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ахмет Джеват Ажар киелі шаһардағы Ясауи университеті Қазақстан мен Түркияның берік достығының символы екенін атап өтті. «Түркі дүниесі баршамызға ортақ! ...
Читать далее »Түркістандық каратэшілер Мароккода өткен рейтингтік турнирден қос жүлдемен оралды
Жуырда Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын. Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Аталған турнирде түркістандық спортшылар — Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді. Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады
Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады. – Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде ...
Читать далее »Дархан Сатыбалды Қытайдың шетелдегі өнеркәсіпті дамыту қауымдастығы өкілдерімен кездесті
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Бейжіңде Қытайдың шетелдегі өнеркәсіпті дамыту қауымдастығымен кездесті. Маңызды шараға халықаралық бизнес әлеміндегі алпауыт компания басшылары қатысты. Энергетика, өндіріс, сауда, сандық технология, медицина, туризм және басқа да салалардың майталмандары бас қосты. Іскерлік жүздесуде Дархан Сатыбалды Түркістан облысының экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Жаңа өндіріс орындарын ашуда әріптестік орнатуға шақырды. – Түркістан облысында инвестициялық жобаларды ...
Читать далее »Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің қола жүлдегері атанды
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар қола жүлде үшін матчта Таиланд құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Алдымен Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 7:5, 6:0 есебімен ұтты. Әмір Омарханов 20 минут ішінде есепті 6:0, 1:0 қылды. Содан кейін таиландтық ойыншы бәсекені жалғастырудан бас тартты. ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай телеарнасына берген сұхбатында не айтты?
ҚазАқпарат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатынан үзінділер жариялайды. – Әділдікті ту еткен Жаңа Қазақстан құрғыңыз келетінін талай рет айттыңыз. Өзіңіздің ел басқару философияңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Жалпы, Қазақстанды қай бағытта дамытқыңыз келеді? – Мен елімнің Еуразия құрлығында жүріп жатқан үдерістердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің осы бөлігіндегі сауда жолдары мен халықаралық қатынастарды реттеуде аса маңызды рөл ...
Читать далее »Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады. Тараптар қазақстандық-америкалық әрекеттестіктің өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Министр екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары динамикасына қанағат білдіріп, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі белсендету маңыздылығын баса атап өтті. ...
Читать далее »Саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері Еуроодақ Елшісімен талқыланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың (ЕО) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Елші Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің әлеуетін толық іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. СІМ басшысы КӘЫК-та көзделген диалог алаңдарының тиімді жұмысын, сондай-ақ өңіраралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті. ...
Читать далее »Қазақстан СІМ-де Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжінің өкілдері үшін брифинг өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулері колледжінің (RCDS) қатысушыларына брифинг өткізді. «RCDS» – Құрама Корольдіктің және басқа елдердің аға офицерлері мен лауазымды тұлғаларын даярлауға арналған Ұлыбританияның әскери академиясының колледжі. «Жаһандық стратегия» бағдарламасы аясында Қазақстанға келген топтың құрамына АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Катар, Кувейт, Ливан, Непал, Румыния, Ұлыбритания, Чили және басқа елдердің өкілдері кірді. ...
Читать далее »