Месячные архивы: Июль 2018

Диқандар 68 млн. доллардың өнімін экспорттады

Түркістан облысының шаруалары республикадағы ауыл шаруашылық өнімінің 14,6 пайызын жинап отыр. Биылдың өзінде түстік диқандары 68 млн. доллардың өнімін экспорттаған. Аграрлы аймақтағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді басқарма басшысы Серік Тұрбеков баспасөз брифингісінде баяндады. Өңіріміздегі  60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелері 704 ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігіп отыр. «Сыбаға» бағдарламасымен 7 352 бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 61 ...

Читать далее »

Модульдік мал сою бекетін ашты

Ауылдағы ағайынның бизнес биігіне ұмтылуына мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты тиіп отыр. Түркістандағы «Ділмұрат» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014 жылы мемлекеттен 17 млн. теңге қаржы алған. Бүгінде «модульдік мал сою бекетінің» ісін дөңгелетіп отыр.«Ділмұрат» шаруа қожалығының қарқыны жаман емес. Мемлекеттен субсидия алып, ісін жандандырып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.  Кәсіпкер ең алдымен, 120 сиыр мен 4 асыл тұқымды бұқа сатып алды. ...

Читать далее »

Зауытқа қажетті құрал шығарады

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Түркістан облысындағы сапары жалғасуда. Күні кеше мәжілісмен Сапархан Омаров Кентау қаласына келіп, шаһардың өндіріс орындарымен танысты, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы . Құрылысы қарқынды жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы жұмысшылармен тілдесті. Елдік маңызы зор бағдарламаларды талқылады. Халыққа бір табан жақын халық қалаулылары Елбасының бастамасымен жылына бір рет  өңірлерге сапар шегеді. Мақсат — аймақтың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ...

Читать далее »

Егістіктің шығымы жақсы

Өнеркәсібі өрге басқан Түркістан облысында  ауыл шаруашылығы да дамыған. Бұл — аумақ кеңейіп, еңбеккерлер санының арту есебінен ілгері басқан тірлік. Биыл егістік алқап 28 мың 700 гектарға жетіп, өнім бітік шықты. Суармалы жер көлемі 10 мың гектарға жетіп отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Соған сай өндірілген көкөніс көлемі едәуір артты. Биыл шаруалар 3 мың 500  гектар жерге бақша, көкөніс дақылдарын ...

Читать далее »

Жылыжай кешені табыстың көзі

Облыс орталығы атанған Түркістанды  алда ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Өңірдегі қай саланы алсақ та  киелі шаһардың дамуын жеделдету керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапархан Омаров Түркістанға қарасты бірқатар елдімекендерді аралап, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Басқосуда депутат Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылы қабылдаған маңызды құжаттары туралы сөз етті.Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ...

Читать далее »

Төле би ауданында астық ору науқаны басталды

Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған  ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...

Читать далее »

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Өзбекстанға экспортталуда

Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда.  Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Ағымдағы жылдың 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. ...

Читать далее »

Тамшылатып суғару көлемі артып келеді

Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі 64,2 ...

Читать далее »

Ордабасыда сазан балығы өсірілуде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта ...

Читать далее »

«Жасыл экономикаға» көшіріледі

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг мырза және Оңтүстік Кореялық ғалым Ю Дже Чеон мырзамен кездесуі барысында Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, өңірдің ...

Читать далее »