Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Түркістан облысы департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында «Мен елімнің қорғанымын» атты ашық есік күні өткізілді. Патриоттық іс-шараға аудандағы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары мен арнаулы оқу орнының студенттерінен жиналған 150—ге жуық жас қатысты. Ашық есік барысында Сарыағаш ауданы ...
Читать далее »Месячные архивы: Ноябрь 2022
350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған 2 ер адам анықталды
Түркістан облысына қарасты Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырғандарын анықтады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды. Бұл ұрлық қылмысы бойынша ...
Читать далее »Жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында күнделікті рейд жүргізуде. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түңгі сағат 22:30 шамасында «Опель-Вектра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар полицейлер оның масаң күйде екендігіне күдіктеніп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды. ...
Читать далее »Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жайлы жиын өтті
Ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ның ұйымдастыруымен Түркістан облысына қарасты Шардара қаласында орналасқан спорт мектебінің қызметкерлері және шәкірттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу», — тақырыбында кездесу өтті. Аталмыш кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы ...
Читать далее »Мониторинг жүргізді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде — «ЖАҢАРУ» РҚБ Түркістан облыстық филиалынан құралған жұмысшы топ мониторинг жүргізді. ...
Читать далее »Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең көлемде жиын өтті
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең көлемде жиын өтті. Кездесуге аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрдаулет Әжібеков, ақсақалдар кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, құзырлы органдар білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын ...
Читать далее »Түркістанда туристік полиция алты тілде еркін сөйлейді
Түркістанда туристік полиция бірнеше тілде еркін сөйлеп, туристерге сапалы қызмет көрсетуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристерді тартуда елге саяхаттап келген шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан болатын. Сондықтан ҚР ІІМ тапсырмасымен Түркістан облысында 2019 жылы туристік полиция құрылған болатын. Оны құрудағы негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін, туристік тартымдылығын арттыру, туристердің қауіпсіздігі, оларды толғандырған кез-келген сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ...
Читать далее »Көліктің терезесін күңгірттеп алу заңға қайшы екені түсіндірілді
Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, ағымдағы жылдың басынан бері 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу. Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан ...
Читать далее »«Елін қорғау-елге серт» атты шара өтті
Түркістан қаласына қарасты Сауран аудандық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» «Елін қорғау-елге серт» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешті аудандық кітапхана директоры Құндызай Ажмаханқызы ашып берді. Ұйымдастырылған шараға «Ауған ардагерлерінің» алқа төреғасы Ақай Тілес, Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат, Абай ауылдық клуб меңгерушісі Дүйсенбеков Ералы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Жүздесу барысында ардагер әскери өмірінен сыр шертті. ...
Читать далее »Көлікқұмар құрықталды…
Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, стадионының алдында тұрған «Нексия» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына ...
Читать далее »