Авторские архивы: admin

№1 қалалық емхана ұжымы қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жолдады

Қайырымдылық қасиеті қанына сіңген халқымыз қашанда өзгенің қайғысына ортақтасып, бөліскенді өзіне борыш санаған. Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды шымкенттіктер де ауыр қабылдады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ең қажетті заттар жинауды бастап кетті. Шымкенттегі №1 қалалық емханасы қостанайлықтарға көмек қолын созуға медицина мекемелері арасында алғаш болып кірісті. Мекеме ұжымы өте аз уақыттың ішінде қостанайлықтардың сұранысына сай ...

Читать далее »

«Көптеген директор осындай құжатты талап еткені үшін жұмыстан шығарылды»

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында мұғалімдерден күніне екі құжаттан артық құжат талап етілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    “Бұған дейін мұғалімдердің баланың қай пәтерде тұратынын анықтау үшін үй аралап жүрген кездері болды. Біз оның барлығын алып тастадық. Қазір мұғалімдер есік қағып, үй араламайды. Одан бөлек, мұғалім толтыратын құжат көп болатын. Саны тіпті 100-ден асатын. ...

Читать далее »

Білікті дәрігер, білгір маман

Табиғатынан ерекше қабілеттілігі мен мамандығына деген құштарлығын халық денсаулығы үшін жұмсап, күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп келе жатқан білікті маман бүгінде қаламыздағы озық емханада қызмет атқаруда. Зуокас  Лилия Геннадьевна – дәрігер гастроэнтеролог. 1992-1998 жылдар аралығында Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылға дейін осы мамандығы  бойынша еңбек еткен. 2009-2011 жылдары дәрігер физиотерапевт  болып қызмет еткен. ...

Читать далее »

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

Бастауыш сыныптарда тілдік пәндердің сағаты көбейіп, жаратылыстану-математика пәндеріне басымдылық беріледі, деп хабарлайды Экспресс К. Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейіп, жаратылыстану-математика пәндеріне басымдылық берілетінін айтты. — Президент жаратылыстану-математика және тілдік пәндерге басымдық беру туралы тапсырма берді. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары бағдарламада ұлғаяды. Оқу бағдарламалары жаңартылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес 2024 жылдан бастап ...

Читать далее »

Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтуді және жүктемелерін азайтуды тапсырды. Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен», — деді ол. Министрдің дерегінше, балабақшаға баруға ниет етіп, кезекке ...

Читать далее »

Түркістан облысы мектептеріне 232 млн. теңгеге айыппұл салынды

Түркістан облысында 946 мектеп бар. Білім беру объектілерінің санитарлық және техникалық жағдайы аудандық және қалалық басқармаларының жіті бақылауында. Асхана мәзірі, оқу кестесін дұрыс жоспарлау, таза ауыз су, жылу және жарықпен қамтамасыз ету сынды талаптар тексеру барысында назарға алынады. 2021-2022 оқу жылында 702 мектепке тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 232 млн теңгеге 614 айыппұл салынды, ұйғарымдар берілді. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт ...

Читать далее »

Қазақстанда алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді

2022 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан астанасында алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Фестиваль ұйымдастырушылары ғылымның, өнердің және технологияның алға басуы зумер ұрпағының сұранысына сәйкес келіп қана қоймай, болашақта елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімді. Фестивальға міндетті алдын ала ...

Читать далее »

Экономист Ұлттық қордан әр баланың шотына жылына қанша ақша түсетінін есептеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың шотына аударылады деген бастамасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сонымен 18 жасқа дейін әр бала қанша ақша жинап үлгереді? Экспресс К мамандарға есептетіп көрді. Белгілі экономист Мақсат Халық «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Президент көтеріп отырған бастама халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың ...

Читать далее »

Мектеп директорларына өткен оқу жылында көп мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз ету тапсырылды

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласындағы сапаны бақылауды қамтамасыз ету бойынша өңірлік департаменттердің басшыларымен кеңес өтті. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.  Мектептерді тексерген өңірлік департаменттердің басшылары білім беру ұйымдарының оқу жылының басталуына дайындығы туралы баяндады. Күн тәртібінде сыныптарды жинақтау, жөндеу жұмыстарын аяқтау, педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оқулықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден босату мәселелері қаралды. Сондай-ақ бес күндік жұмыс ...

Читать далее »

Балаңызды лицензиясы жоқ мектепке бермеңіз…

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов ата-аналарға балаларыңызды лицензиясы жоқ мектептерге бермеңіздер деп кеңес береді. Бұл туралы сала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.    «Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді биыл әне-міне басталғалы тұрған 2022-2023 жаңа оқу жылымен құттықтаймын. «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, білім беруге де, білім алуға да зор құлшыныс қажет. Ұстаздар қауымына жаңа ...

Читать далее »