Қыз балаға күлегештік жат қылық. «Күлегештік – қыздың соры» деген бұрынғылар. Сен жайқалып тұрған гүлсің. Гүлді жұлып алып, иіскеуге құмарлар көп. Бірақ, жұпарыңмен тұшынған соң лақтыра салады. Нәрлі топырағынан тамырын кеспей алып, махаббатпен күтетін жанға ғана жұпарыңды арнап, сұлулығыңмен сүйсіндіруге тиістісің. Сен жақұтсың. Ебін тауып, ұрлауға құлшынатын сұғанақтар көп. Бірақ, олар пайдасына асырып, дүние құрлы көрмейді. Қадіріңді шын ұғатын, жат ...
Читать далее »Месячные архивы: Октябрь 2018
Қазақ қызы деген атқа лайық болуға кеңес берді
т Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қазіргі қыздардың қылығы жайлы дөңгелек үстел өтті. Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардан сақтану,ойланбай от басып, тағдыр тәлкегіне түсудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға жоғарғы сыныптың қыз балаларымен қатысты. Бұдан бөлек, мектеп психологы, медбикелер мен ұстаздар қауымы бас қосты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Г. Жантілештің айтуынша, қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар ...
Читать далее »Бүгінгі бала- ертеңгі ата -ана
«Бүгін бала,ертең ата-ана». Осындай атаумен Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты №21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебінде келелі кездесу өтті. Жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған жиын облыстың барлық елдімекендерінде қолға алынуда. Басқосуда жасөспірімдерге баяндама оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты — жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана ...
Читать далее »Табысты басшы екенін дәлелдеді
Облысымыздың орталығы Түркістан қаласында шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау және облыстағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында «Табысты менеджер-2018» атты байқау өткізілді. Байқауға облыс көлеміндегі барлық мамандандырылған білім беру ұйымының басшылары қатысты. Осы аталған байқауға Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Пралиева Фарида Азмеданқызы қатысты. Байқау мынандай алты күрделі үрдістерді қамтыды: «Мен табысшы басшымын» интербелсенді ...
Читать далее »Қыздың отбасындағы тәрбиесі түсіндірілді
Түлкібас аудандық «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесі «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты семинар кеңесін өткізді. Алдымен Түлкібас поселкесіндегі Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушы қыз балаларымен кездескен ұйымдастырушылар қазіргі таңдағы қыз балалардың болашағына қатысты мәселелер мен тақырыптарды қозғады. Жиынға «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры ...
Читать далее »Жатақхана тапшылығы болмайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы еліміздегі ең өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтуымен жұртшылықтың көңілінен шығып отыр. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған ауқымды шаралардың баспана, жатақхана сияқты тұрмыстық жағдайды нысанаға алуы тегін емес. Ірі қалаларда жастардың көпшілігі баспанасыз жүргені көпшілігімізді алаңдататын. «Өз үйім – өлең төсегім» дегендей, әркімнің жеке үйі, пәтері болуы оның алаңсыз жұмыс істеуінің, үбірлі-шүбірлі отбасы болуының басты шарты ...
Читать далее »Уақыт талабына сай қадам
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына ұсынған бес әлеуметтік жобасы жастар арасында да қызу талқылануда. Мәселен, «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы жастар үшін жасалған алғышарттың бірі екені сөзсіз. Жыл сайын бөлінетін 54 мың мемлекеттік грантқа қосымша 20 мың грант қосу жастарға жасалып отырған зор мүмкіндік. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық ...
Читать далее »Жастарға қамқорлық – болашаққа қамқорлық
Елбасының бес әлеуметтік бастама туралы Үндеуі Тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы маңызды қадам деп санаймыз. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғаны көпшіліктің көкейінен шықты. Президент баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. Мәселен, «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын жүзеге асыру көптеген әлеуметтік, отбасылық мәселелердің шешімін табуға септігін тигізері сөзсіз. Өйткені ...
Читать далее »Түлкібаста «Үздік оқырман отбасы» атты байқау өтті
Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында орталықтандырылған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Үлгілі оқырман отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді. Байқауға бірнеше отбасы қатысып, бақтарын сынап көрді. Байқаудың мақсаты — ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. ...
Читать далее »Мүгедек балаларды оңалту орталығында «Алтын күз» ертеңгілігі өткізілді
Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығында балалар «Алтын күз» мерекелік ертеңгілігін өткізді. Айнала табиғат қалай алтын түске көмкерілсе, балалар да бұл күні жалтылдаған сары әдемі киімдерді киініп, ерекше көңіл-күймен келіпті. Күз адам баласына ырыс пен береке әкелетін мезгіл. Сондықтан, күзді молшылық кезеңі деп атайды. Бұл шақта жиын-терім аяқталып, егіншілер еткен еңбегінің жемісін көретіндіктен, осы күндері дәстүрлі сабантой өткізеді. Міне, балалар осындай ...
Читать далее »